Шымкенттік полицей тәртіпке бағынбаған бойжеткенді теуіп жіберді. Оқиға таңғы сағат 7-40 шамасында Тәуке хан даңғылы бойындағы дәмханалардың бірінде болған, деп хабарлайды tvk-uko.kz.

vid-20170927-wa0001-mp4_snapshot_00-40_-2017-09-27_11-15-18

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, кафеде жанжал шығып, тараптарды тәртіпке салу үшін полиция қызметкерлері тартылған. Бірақ ашулы топ, инспекторларға бағынбай, барынша қарсылық көрсетіпті. Осыдан кейін полицейлер тәртіп бұзғандарға күш қолданған. Мұны сол маңдағы куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алыпты. Сондай-ақ куәгерлер жанжалға қатысқандардың барлығы нәзік жандылар дегенді айтуда.

Дегенмен, жағдайдың нақты қалай орын алғаны белгісіз. Толық ақпарат ОҚО ІІД ресми мәлімдемесінен кейін белгілі болады.

ЕСКЕРТУ! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here