Аиша: Үшінші сәбиімді суда дүниеге әкелуді жоспарлап отырмын (ФОТО)

0 37

Әнші Бүркіттің жары comode.kz сайтына сұхбат беріп, отбасылық сырымен бөлісті. Үшінші сәбиін босанғалы жүрген биші ата-енесі туралы айтып, жүктілігіне қатысты сырларын айтқан.

«Менің жолдасымның ата-анасы өте дана адамдар. Әкесі полковник, анасы жазушы. Жасыратын несі бар, алғашқыда олар ұлдарының қазақ қызын алғанын қалағаны рас. Бірақ уақыт өте келе бәріміз ұлттың басты мәселе еместігін түсіндік. Бүркіттің анасынан көп нәрсе үйрендім. Олар Таразда тұрады. Біз жиі барып тұрамыз. Бүркіт үйінің кенжесі»-дейді Аиша.
Ол сондай-ақ үшінші сәбиін суда дүниеге әкелуді жоспарлап жүргенін жеткізген.

«Тұңғышымды дүниеге әкелгенде қасымда анам болды. Екіншісінде жалғыз босандым. Енді үшіншісін суда дүниеге әкелуді жоспарлап отырмын. Бұл ойымды Бүркіт қолдады. Мамандармен кеңестім, көп ақпарат оқыдым. Меніңше бұл табиғи дүние және әйелге көмектеседі»-дейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.