Алтынай Жорабаева Астанадан хан сарайындай жаңа үй алды (ФОТО, ВИДЕО)
Әнші Алтынай Жорабаева Астанадан хан сарайындай жаңа үй алып, қоныс тойын жасады, деп жазады Today.kz.
Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Әр әйел үшін өз шаңырағы мешітпен тең. Төрт гүл қызы үшін жинаған несібесінің жемісі, өнерінің жеңісі. Әрбір адамзат баласы осындай кең ақ сарайға лайықты бола білгісі келсе, Астананың төрінде алшақ басып жүргісі келсе, тек бір-бірімізге тілеулес болып, Алтынайдай өжет қызымыздан өнеге алу керек», – деп жазды Гүлзира.
Алтынайды жаңа үй алуымен құттықтап келген бір топ келіншектің арасында Лұқпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова да болды.
Айта кетейік, Алтынай Жорабаева – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Қазіргі таңда төрт қызын өзі тәрбиелеп, өсіріп отыр.