Желіде қазақша көйлек киген қыздардың ерсі биі түсіп қалған видео тарап кетті. Өз кезегінде заманауи музыкаға биилеген қыздар жұртты ашуландырды, деп хабарлайды Stan.kz.
Instagram желісінде қазақша көйлек киген қыздардың ерсі биі қызу талқыға түсті. Видеодан байқалғандай, әлдебір шара кезінде ұлттық киім киген қыздар ортаға шығып, жігіттермен бірге заманауи музыкаға билеп жүр.
Өз кезегінде желі қолданушылары қыздардың биін орынсыз деп тауып, сөгіп тастады. «Қазақтың ұлттық киімін қор қылды ғой», «Жарасып тұрған жоқ», «Ұлттық киіммен былай билеген жарасымсыз», «Билесе, билесін. Бірақ ұлттық киімде емес. Артында үлкен ата-апалар отыр ғой. Сол кісілер айтпайды ма», – деп жазды желі қолданушыларды.