Толыққанды бақыт дегенді дәл осы жасымда сезіндім – Қарақат Әбілдина

0 75

Әнші Қарақат Әбілдина туған күн кешімен бірге «Қарақат» мектебінің мерейтойлық концертін өткізді, деп жазады Today.kz. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

«Бұл көктем бұрынғы көктемнен өзгерек… Қош келдің, 18-дің шуақты көктемі! Дәл осы күні құшағымды гүлге, жүрегімді ыстық лебізге толтырған xалқымнан айналдым! Толыққанды бақыт дегенді дәл осы жасымда сезіндірген Аллама мың да бір шүкіршілік! Сыртта 400-ден астам шәкіртті тәрбиелеп жатсам, үйде өз құлыншақтарым өсіп келеді, жаныма демеу болған тірегім – жолдасым бар. «Алланың берген сыйына алғыс айта білген адам шексіз бақытты» дейді! Қасымнан табыла білген, қуанышымды бөлісе алған барша жақсы адамдарға ризамын!» – деп жазды Қарақат.

Қарақат Әбілдина – эстрадалық және дәстүрлі әндерді орындаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Жұбайы танымал продюсер Қыдырәлі Болмановпен бірге 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.