Африкадағы «VIP» әжетхананың салтанатты ашылу рәсімі жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

0 10

Конго астанасында қоғамдық дәретхананың салатанатты түрде ашылу рәсімі өткен. Аталған шараның видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

«VIP» статусы бар дәретхананың ашылу салтанатына қомақты қаражат жұмсалыпты. Тіпті, шараға қала әкімінің өзі қатысып, әжетхананы салтанатты түрде ашқан.

Сонымен қатар қала әкімдігінің қызметкерлеріне жаңа әжетханаға алғашқылардың бірі болып кіру «құрметі» бұйырды.

Өз кезегінде, видеоны көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болып, әзіл аралас пікір қалдырып жатты.

Источник: Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.