Мақпал Исабекова тағы да өсектің астында қалды. Бұл жолы әншінің сыртқы бейнесі мен стиліне емес, оның орындаушылық өнері сынға алынды.
Отандық телеарналардың бірінде Исбаекова «Орда» тобының әнін жанды дауыста орындап шықты. Бірақ ескере кететін жайт, «Ғашықсың ба» әні өздігінен қиын, тіпті арасында рэп те бар. Композицияның қиындығына қарамастан, Мақпал әнді орындада. Бірақ желі қолданушылары әншінің орындаған рэпін көріп, жағымсыз пікірлерін қарша боратты.
«Сондай күлкілі», «Жыл өткен сайын таланты жоғалып бара ма, маған мүлде ұнаған жоқ, басында сүп-сүйкімді қыз еді»,»Ужас», «Мен жақсырақ айтатын шығар деп үміттеніп едім», «Мен ішіп алғанда бұдан жақсы айтамын ғой»,»Позор-ай», деп пікірлерін қадырды желіде оқырмандар.