Өгей әкесі 4 жасар қызын оңдырмай сабап тастаған

0 22

Бірге тұрып жатқан әйелінің төрт жасар қызын қинаған Ресейдің Красноярск қаласының 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған қатысты «жас балаға қиянат жасау» бабы бойынша іс қозғалған, — деп хабарлайды KazanFirst
Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам көңілдесінің пәтерінде алты және төрт жасар қыздарымен бірге тұрып жатқан. Сәуірдің 12-і мен 13-і аралығында ер адам кішкентай қызды сабап тастаған. Зардап шеккен қыздың анасы қылмыстың артын жасырмақшы болып, медициналық көмек көрсеткен. Алайда қыздың жағдайы туралы қонаққа келген отбасылық досы хабарлаған.

Қазіргі уақытта қыз бала ауруханада жатыр. Оның алты жасар әпкесі балалар үйіне жіберілді. Қызға қиянат жасады деген күдікті қамауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.