Әнші Тамара Асар күйеуінің жас кезінде басқа әйелді жүкті қылып қойғанын айтты.
«Бір күні Мәскеуден келдім. Самат маған “сенің ақылың бар ғой” деп сөзді ар жақтан бастады. Мен «иә, ақылдымын» деп отырсам. «Оның аяғы ауыр» деді. Мен бірден «Онда үйлену керек» дедім. «Бала өмірге келеді» деген сөз менің жүрегімді қозғады. Менде еш реніш болмады. Еркектерді әйелдерден биік қоятын тәрбиеде өскен адаммын ғой. Мен еркек не істесе, де соныкі дұрыс деген ұстанымдамын. Тұрмысқа шығып бара жатқанда анам маған «Құдайыңды білесің ғой, қазір екінші құдайың – күйеуің», — деді. Мен күйеуімнен алатын жарының кім екенін сұраған емеспін»,-деп сөзін аяқтады әнші.
Алайда әншінің күйеуі 30 жасында өмірден өткен, деп жазады 365info.kz.
«Күйеуім Саматты жақсы көріп, ол үшін қыста құлпынай өсіргенмін. Үйлену керек дегенім, біріншіден балалығым, екіншіден өз-өзіме деген сенімсіздігім деп ойлаймын”, – деді Тамара Асар.
Менің қатты ренжігенім: «Сені мен сияқты бағаламады-ау» дедім. Бұл өмірде біреудің біреуге ғашық болуы, үйленуі керемет нәрсе. Ол үшін шаш ағартып, бас ауыртуға болмайды. Әрине, кешірімді адамдар өте сирек. Мен бағалауды, бағалануды үйрендім», – деді ол.
Тамара Асардың жұбайы Саматтан Қамбар есімді ұлы бар.