Неге ерлі-зайыптыларға бір-бірінің денесін жууға болмайды?

0 20

Неге ерлі-зайыптыларға бір-бірінің денесін жууға болмайды?

Қайтыс болған ерінің мәйітін қажет болса, әйелі жуа алады. Өйткені, ері қайтыс болған әйел төрт ай он күн иддәт мерзімін күтуі тиіс. Осы мерзім бітпей тұрмысқа шығуына құқы жоқ деп жазады Ihsan.kz. Риуаяттарға қарағанда, Әзіреті Әбу Бәкір (р.а.) бақилық болған кезде, денесін жұбайы Әсмә бинт Ъумәйс жуған екен, деп жазды qamshy.kz.

Ал, әйелдің денесін әйел кісі жуу керек. Зайыбының жансыз денесін ері жуа алмайды. Себебі, әйелі жан тәсілім етісімен арадағы ерлі-зайыптылық байланыс бірден жойылып, ері үшін иддәт мерзімін күту үкімі қарастырылмайтындықтан, ол үшін бөтен әйел іспетті саналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.