«Төзіп жүре берген…». Алтынай Жорабаеваның інісі Сәбит туралы шындықты айтты

0 32

Талғат Жорабаев отбасын тастап кететін ер азаматтар туралы сөз қозғап, әпкесі Алтынайдың соңғы уақытта көп қиналғанын айтып қалды. Мұның барлығына ол әпкесінің тұйық мінезін кінәлап отыр. Яғни отбасында болып жатқан келеңсіз оқиғаларды айтып отырса, көмек қолын созар едік дейді ол, деп жазды kaz.365info.kz.

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz .

“Әйел мен бала-шаға – бізге Алла тағаладан берілген аманат. Ал аманатқа қиянат жасау – екіжүзді адамның бет-бейнесі. Алла тағала “Бүкіл несібемді балаларыңа беремін” дейді.

Кейбіреулер бала-шағамды тастап кету арқылы тамаша өмір сүремін деп ойлайды.

Шын мәнінде, мұндай ер азаматтардың өмірі керісінше болып жатады. Соңында ешнәрсесіз қалады. Бала-шағаңа дұрыс қарамасаң, ертең оны Алла тағала алдыңнан шығарады”, – дейді ол.

Бір кездері Алтынай Жорабаева туған бауырына су жаңа көлік сыйлап қуантқан болатын. Енді міне үш бөлмелі пәтер алуға көмек қолын созған екен.

“Әрине, бұл жерде Алтынайдың қосқан үлесі көп. Тойымыздың ақшасын банкке салып, артынша сол банк арқылы үй алуды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ, сол тойдың біраз қаражатын Алтынай көтеріп берген еді. Алтынай мен әкемнің арқасында, өзім тапқан табыстың арқасында армандаған пәтерімізге жеттік. Алтынай отбасымыздағы тұйық адам. Ішкі жан-дүниесіндегіні ақтарып айта бермейді. Бірақ, осы айтпауының салдарынан барлық оқиға болып жатыр.

Ештеңкесін айтпай жүре берген төзіп.

Бірақ, соңында жанартау да атылады ғой”, – дейді Талғат Жорабаев.

Айта кетсек Алтынайдың өзі бұдан бұрын Инстадағы парақшасында мынадай жазбамен бөліскен тұғын. 

Мақала ВК-дағы «АТАМНЫҢ БАСЫ-АЙ» тобында талқылануда. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.