Краснодар аймағының тергеу органдары кезекті қанды қылмысқа қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Күдікті ретінде Дмитрий және Наталья Бакшеева есімді отбасылық жұп қолға түскен. 11 қыркүйекте жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Репина көшесінен жұмыскерлер ұялы телефон тауып алған. Ол телефонның ішінде адамның дене мүшелерімен – басы, қолдары – түсірілген суреттерді көрген. Адам шошырлық іс-әрекетті көрген жұмыскерлер бұл мәліметті дереу құзырлы органдарға хабарлаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері ұялы телефонның 35 жастағы Дмитрий Бакшеевке тиесілі екендігін анықтады. Қамауға алынғаннан кейін күдікті кінәсін мойындамай, адамның денелерін Авиагород ауданына тауып алып, жәй ғана суретке түскендігін айтып, сендірмек болған.
12 қыркүйекте ұялы телефон табылған жерден дене мүшелері бөлшектеліп тасталған әйелдің мәйітін тауып алған. Оның мәйітін бөлшектеп, шелек пен палиэтен пакеттеріне салып қойыпты. Сонымен қатар, оқиға орнына жақын маңнан мәйіттің сөмкесі мен жеке заттары табылды.
Тергеу органдары күдіктілердің үйін тінтіп, көптеген ұялы телефондарды құрықтаған. Белгілі болғандай, адам етін жейтін жұптың құрбандарына тиесілі екен. Ал тоңазытқышта адам етін жейтін отбасылық жұп адамның денелерін бөлшектеп, пакетке салып, сақтап қойыпты. Сонымен қатар, олар адам етінен тамақты қалай дайындау керектігін көрсететін видеолар табылған.
Тергеу барысында табылған суреттердің бірі – 1999 жыл 28 желтоқсанда жазылған қылмыскерлерге қатысты құжат олардың қылмыстарының айқын дәлелін көрсетті. Берілген фактіге сәйкес, бұл отбасылық жұп 20 жылдан бері адамдарды өлтіріп, олардың етінжеп келген.
Тергеу кезінде Наталья Бакшеева өз кінәсін мойындап, фотосуреттен 30-дан астам құрбандарын танып, айтып берді. Оның айтуынша, күйеуі екеуі адамдарды өлтіріп, кейін олардың етімен қоректенген екен. Ал олардың құрбандарына айналған адамдардың барлығы – іздеу салынып, із-түзсіз жоғалып кеткендер.
Белгілі болғандай, Наталья Бакшеева осы уақытқа дейін ұшқыштарға арналған училищеде медбике болып қызмет атқарған. Тергеушілер курсанттарға адамның етін қосып тамақ берген деп болжау жасады.
Краснодар аймағының тұрғындары бұл ақпаратты дереу жан-жақты таратып, сақ болуға шақырды. БАҚ-та көрсетілген мәліметтерге сәйкес, адам етін жегіш отбасылық жұп училищеге тиесілі жатақханада тұрған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда.