Оқиға Вьетнам мемлекетінде орын алған екен, деп хабарлайды КТК.
Әйгілі әнші сүйіктісін шайтаннан құтқарамын деп тамағына 33 сарымсақ тығындап өлтіріп алған.
Нгуен Виет Куонг есімді қырық жастағы Вьетнам әншісі жиырма жастағы Гуни есімді сүйіктісімен екі досын ертіп жалдамалы пәтерге келген. Кейін белгілі болғандай олар аса ауыр есірткі қабылдаған. Нәтижесінде олар түрлі елестерді көріп, өздерін шайтан арбаған деп кеседі.
Артынша Гуни мен Нгуен көрші бөлмеге кіріп, өздерін сарымсақпен аластайды. Мұны азсынған Нгуен Виет Куонг құрбысының тамағына сарымсақ тығындай бастайды.
Қаралы оқиға соңында келген тәртіп сақшылары қыз мәйітінен 33 сарымсақ тістерін алып шыққан. Қазір аталмыш қанды оқиғаға байланысты қылмыстық іс ашылып отыр.