Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

0 93

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына көңілдері толатынын айтты.

Қазақстан Президенті екі мемлекет арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған үкіметтердің өзара жедел іс-қимылына оң баға берді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.