«Өй де!..». Кәмшат Жолдыбаева тойдағы биімен еркектердің көзін қыздырып жүр (ВИДЕО)

0 27

Кәмшат Жолдыбаева ашық киінуден қымсынбайды. Қатаң сынға ұшырағанымен, әнші мұнысына құлақ асар емес. Бәлкім, өзіндік стилі шығар, деп хабарлайды 365info.kz

Қысқа белдемше мен іші ашық кейпімен Кәмшат тағы да желідегілердің көзіне түсті. Бұл жолы сахнада емес, тойда би билеп, ән шырқады.

Жолдыбаеваның сұлу бейнесінен тойдағы еркектердің бәрі көздерін ала алмағандай. Тіпті бірі әншімен бірге бидің түбін түсіріп жүр.

Әншінің бұл қылығы хейтерлердің шамына тигендей:

«Үйінде осылай киінсе болады. Қазақтың тойында жабық жүрсе қайтеді, дастархан басында қарт кісілер бар ғой», «Ақша төлесең жандырмақ түгілі, өртейді», «Кәмшат, мынауыңыз не? Жалаңаштанбай, дұрыс киініп келсеңіз қайтеді?!», «Ел алдында жүрген жанның бұлай киініп алуы ұят енді», -деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін танымал блогер Кәмшат Жолдыбаевамен бірге төсектес болғысы келетіндігін айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.