Айгүл Иманбаеваның ұлы чех қызымен көңіл қосты (ВИДЕО)

0 20

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжан болашақ режиссер. Бүгінде Чехия елінің астанасы Прагада білім алады. 20-ға келген бозбала анасының жетектеуімен жастай медреседе білім алған екен. Сондықтан да Иманбаева оқуын бітірген соң, патриот баласының елге оралатынына сенімді.

Бұл туралы “Қазақстан” арнасының “Түнгі студия” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Баламды кішкентай кезінде Алматының қасында Абай деген ауылда медреседе оқыттым. 4-5 жылдай. Өйткені әу баста баламды сыртта оқытамын деген мақсат қойған едім, Құдай сол ниетіме жеткізді. Сол себептен де баланы титтай күнінен медреседе оқыттым. Исламды, жүрегінде Құдайын, өзінің мұсылмандығын сіңірсін деген ниет. Әжесінің тәрбиесі бар, бойында қазақылық бар. Сол себепті ол елге міндетті түрде қайтады. Бірақ әзірге Прагадағы оқуын біткеннен кейін әрі қарай Америкада жалғастырамын деп отыр. Тіл білген балаға рахат қой. Тіл білсең, кино әлемінде барьер, шектеу жоқ. Қай жаққа барып түсірем десе де өзі біледі”, – деген Иманбаева ұлы Асылжанның болашақта Тимур Бекмамбетов сияқты әлемге танымал режиссер болуын тіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=xPloOMlrBM8

Бұдан өзге, актриса ұлының чех қызымен көңіл қосқанын ашып айтты.

“Қызымыз бар енді. Таныстырды. Қызы қазақ емес. Бірден әкелме балам дедім. Қазақ қызын ал деп қоямыз”, – дейді Иманбаева.

Бұл орайда бағдарлама жүргізушісі Қайрат Әділгерей Асылжанның өзіне жолдаған видеосын анасына көрсетті. Онда Иманбаеваның ұлы:

“Қайрат аға, үйленгелі жүрмін, осы Праганың қызына. Аты – Тереза. Бірақ осы жаңалықты анама қалай айтарымды білмей жүрмін. Сізден ақыл сұрайын деп едім”, – деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Мұны көрген Иманбаеваның есі шығып, су ішіп, сабыр сақтауға тырысты. Дәл осы кезде жүргізуші видеоның жалғасын көрсетті. Онда Асылжан:

“Әрине, мама. Қалжың ғой. Сен айтқан қызды аламын бұйырса”, – деген.

Сабырға келген Айгүл:

“Мен балама үнемі айтамын, үйленетін кезде өзім кірісемін. Өзім жетелеп алып келмесем де, екеуміз ақылдасып отырып жасайық дедім. Ұлымнан бұрын күйеуге өзім кетемін. Мамам ақ батасын берген. Оны толық айта алмаймын. Балам өзі рұқсат берген. Біз бірінші папамызды үйлендіреміз. Сосын мамасын, сосын баламызды”, – деп күлді.

Источник: Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.