Ztb.kz атты танымал парақшада «Отандық өнім» деп аталған бейнероликте «Буратино» лимонадын жасау барысы көрсетілген. Оның қай қалада, қай зауытта түсірілгені белгісіз. Алайда бірден бірден антисанитариялық жағдай мен ескірген жабдықтар көзге түседі, — деп хабарлайды Caravan.kz.
«Мынау масқара ғой, енді Буратиноны ешқашан да ішпеймін», «Қай жерде екен? Осындайдан кейін бұны балалар тұрмақ, біз қалай ішеміз?», «Құрсын бұндай тәтті лимонадтары» , — деп көрермендер бірден бас салды. Алайда бұл жазбаның шындығына күмән білдіргендер де болды.
Біз өз кезегімізде күмән білдірушілер қатарына кірген комментаторлар шындыққа біртабан жақын қалғанына сенімімізді білдіреміз.