Ата-анасы мен ағасы баланың көз алында азаппен көз жұмды (ФОТО)

0 33

Ата-анасы мен ағасы баланың көз алында азаппен көз жұмды (фото)

Италияда ерлі зайыпты мен олардың 11 жастағы баласы көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Belta.by-ға сілтеме жасап. Олар Сольфатара жанартау кратерінде газға тұншығып қайтыс болды.

Әкесі, анасы мен екі баласы (7 және 11 жаста) туристер жүретін жолмен келе жатқан. Бір мезетте үлкен ұлы адам жүруге болмайтын жермен жүріп, жердің астына түсіп кетеді. Әкесі баласын құтқармақ болғанда өзі де бата бастайды. Сол уақытта анасы екеуіне көмектесемін деп өзі де көз жұмады. Үшеуі де газдан уланып қайтыс болды. Біраз уақыттан кейін құтқарушылар олардың денесін алып шықты.

7 жастағы баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ол қазір атасы мен әжесінің жанында. Қайтыс болған ер адам 45 жаста, әйел 42-де. Соңғы рет Сольфатара 1198 жылы атқылаған. Кейде жанартау газ бөледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.