Әлемде әртүрлі адам бар. Олардың әрқайсысы өзінше ерекшелігі мен өзгелерден дараландырып тұратын қасиетке ие. Өзгелерге мүлдем ұқсамайтын ерекше тағдыр иесінің өмірін Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады, деп жазды qamshy.kz.
Варвара есімді қыз 14 жасында 10 шақты жігітті жалғыз өзі көтере алған. Оның әке-шешесі осыдан 15 жыл бұрын штанга көтеруді үйрете бастапты. Олардың бұл әрекетіне көпшілік наразы болған, тіпті олар кішкентай қызды аяғандықтан әке-шешесінің үстінен сотқа арыз жазған. Алайда Варвараның әке-шешесі сотта бәрібір жеңіп шыққан. Варвара 4 жасынан бастап пауэрлифтинг атты сайысқа қатысқан. Ал 14 жасында 10 шақты жігітті көтере алған, бұл шамамен 700 келі болып есептеледі.
Оның әкесі қызының чемпион болғанын қалаған. Ал қазір сол арманы орындалды. Варвара әлемдегі ең мықты қыз деген атпен танылды.
Ал Варвараның арманы өте қарапайым болды. Ол өзінің жеке бөлмесі болғанын қалады. Олар отбасымен бірнеше жарыстарға қатысып, біраз ақша жинайды. Содан кейін екі бөлмелі пәтер сатып алады да, қыздарының арманын орындайды. Варвара 14 жасында ауыр атлетика бойынша 2 рет Гиннестер кітабына енген.
Қазір оның келешекке қойған жоспары өте көп. Бірақ барлық жоспары орындала қоймаған. Ол қазір фитнес-тренер болып қызмет жасап жүр. Қазір ол 25 жаста. Өзге қыздардан ерекшелендіріп тұратын оның дене мүсіні ғана.
Варвара бұдан да үлкен жетістікке жетуге мүмкіндігі жетерлік еді. Не үшін жолдың ортасына келіп тоқтай қалды? Ол тағы да өз рекордтарын жаңарта алатын. Жылқыны немесе пілді көтеруге күші жететін. Алайда ол осы жолдан тоқтады. Оның айтуы бойынша әр спортшы тоқтар жерін білуі керек екен.
Дайындаған: Әсел Өтешова